ҚПЛ-да ойнаған «Олимпияның» бұрынғы жартылай қорғаушысы «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы мүмкіндігін бағалады

Любляналық «Олимпия» мен қазақстандық «Тараздың» бұрынғы футболшысы Горан Бркич Prosports.kz тілшісіне УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтан кейін бұл жұптағы командалардың мүмкіндігі туралы ойын бөлісті.
«Шынымды айтсам, соңғы кезде «Олимпияның» ойынын қатты бақылап жүрген жоқпын. Бірақ соңғы кезеңде олар жақсы футбол көрсетіп жүргенін білемін. Осындай нәтижемен «Қайраттың» келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі бар деп ойлаймын», – деді қазіргі кезде Белградтағы ОФК клубының 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасын жаттықтырып жүрген Бркич.
Айта кетейік, Горан Бркич «Олимпияда» 2017–2019 жылдары ойнады, ал 2020 жылы Қазақстан чемпионатында «Тараз» сапында бір маусым өткізіп, 18 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
8 шілдеде Люблянада өткен алғашқы ойында «Қайрат» 16 жастағы Дастан Сатпаевтың голының арқасында «Олимпиямен» 1:1 есебімен тең түсті. Айта кетейік, қарымта матч 15 шілдеде Алматыда өтеді. Басталуы – 20:00.
Фото: Алеш Февжер