АҚШ-тағы UFC турнирінде промоушен тарихындағы ең жас файтер дебютін өткізеді

Жуырда UFC ұйымымен келісімшарт жасасқан Элис Перейра Noche UFC 3 турнирінде дебютін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир 2025 жылы 13 қыркүйекте АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center спорт кешенінде өтеді.
2005 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген Перейра UFC тарихындағы ең жас әйел спортшы атанбақ — ол октагонда алғаш рет 19 жасында өнер көрсетеді.
ММА-дегі кәсіпқой карьерасында жеңіліп көрмеген бразилиялық спортшы 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның төртеуі мерзімінен бұрын аяқталған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или