Қазақстандық теннисшілер Уимблдон-2025 турнирінде қанша табыс тапты?

Қазақстандық теннисшілер Уимблдон-2025 турнирінде қанша табыс тапты?

Уимблдон–2025 турнирінде қазақстандық теннисшілер қанша табыс тапқаны анықталды, деп хабарлайды Prospors.kz тілшісі «Дядя Ваня» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Уимблдон–2025:

 • Анна Данилина (микст — 1-ші айналым, жұптық сын — 2-ші айналым) — $2 251 + $17 680 = $19 931

 • Бейбіт Жукаев (жекелей сын — 1-ші айналымнан кейін шығып қалды) — $89 760

 • Александр Шевченко (жекелей сын — 1-ші айналым) — $89 760

 • Александр Бублик (жекелей және жұптық сын — екеуі де 1-ші айналым) — $89 760 + $11 220 = $100 980

 • Юлия Путинцева (жекелей және жұптық сын — екеуі де 1-ші айналым) — $89 760 + $11 220 = $100 980

 • Елена Рыбакина (жекелей сын — 3-ші айналым) — $206 720

Жалпы алғанда, қазақстандық теннисшілер биыл Лондондағы жарыста $608 131 табыс тапты, бұл — жалпы жүлде қорының 0,8%-ын ғана құрайды. Бұл — соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

2025 жылдың басынан бері қазақстандық теннисшілердің табысы:

 1. Елена Рыбакина — 1,74 млн доллар

 2. Александр Бублик — 1,63 млн

 3. Юлия Путинцева — 781 мың

 4. Анна Данилина — 315 мың

 5. Бейбіт Жукаев — 200 мың

 6. Михаил Кукушкин — 170 мың

 7. Дмитрий Попко — 140 мың

 8. Тимофей Скатов — 127 мың

 9. Денис Евсеев — 43,9 мың доллар

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или