Диогу Жота мінген көліктің апатқа ұшырауына не себеп анықталды

Диогу Жота мінген көліктің апатқа ұшырауына не себеп анықталды

"Ливерпуль" шабуылшысы Диогу Жота мен оның інісі қаза тапқан көлік апатына қатысты алғашқы деректер жарияланды. Бұл туралы El Confidencial басылымы Испанияның азаматтық гвардиясына сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, Lamborghini көлігінің апатқа ұшырауына жылдамдықты шамадан тыс арттыру себеп болуы мүмкін. Жол апаты кезінде көлікті Жотаның өзі басқарғаны анықталған. Қазір оқиға орнындағы іздер зерттеліп жатыр. Тергеу аяқталған соң қорытынды сотқа жіберіледі.

Қайғылы жағдай 3 шілде күні орын алған. Диогу Жота мен оның бауыры отырған көлік шина жарылғаннан кейін жолдан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Екеуі де оқиға орнында көз жұмған.

2020 жылдан бері "Ливерпуль" сапында өнер көрсеткен Жота 182 матчқа қатысып, 65 гол соққан. Клуб басшылығы 20-нөмірлі жейдені мәңгілікке футболшының есімімен байланыстырып, енді ешкімге берілмейтінін мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или