Анчелотти бразилиялық клубтың тізгінін ұстады

Анчелотти бразилиялық клубтың тізгінін ұстады

Бразилияның атақты «Ботафого» клубы бас бапкер қызметіне 35 жастағы италиялық маман Давиде Анчелоттиді ресми түрде тағайындады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Карло Анчелоттидің ұлы клубпен 2026 жылдың желтоқсанына дейін келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін ол әкесіне көмекші болып «Бавария», «Наполи», «Эвертон» және «Реал» клубтарында жұмыс істеген. Ал маусым айында Бразилия құрамасының бапкерлер штабына қосылған еді.

Бұл — Давиденің бас бапкер ретіндегі алғашқы дербес тәжірибесі болмақ. Еске сала кетейік, «Ботафого» — қазіргі Бразилия чемпионы әрі Либертадорес кубогының иегері. Клубтық әлем чемпионатында олар 1/8 финалда «Палмейрастан» қосымша уақытта жеңіліп, сол ойында бұрынғы бапкер Ренато Пайвамен қош айтысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или