Чемпиондар лигасының форматы тағы да өзгереді

Футболдан Ресейдің Бірінші лигасында (ФНЛ) матч басқарған Богдан Головко даулы жағдайға тап болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеше полиция қызметкерлері оны ұстады. Головкоға чемпионаттың шешуші ойынына әсер етпек болды деген күдік тағылып отыр. Бұл туралы РБК Спорт тергеуге жақын дереккөздерге сілтеме жасап жазды.
Әңгіме 24 мамырда өткен «Торпедо» мен «КАМАЗ» арасындағы 34-тур ойыны жайлы. «Торпедо» жеңілсе, тікелей жолдама үшін күресте «Черноморецтен» қалып қояр еді.
Тергеу нұсқасы бойынша, Головко әдейі москвичтердің қақпасына екі пенальти белгілемеген. Бір эпизодты сарапшылар қалыпты жағдай деп таныса, екіншісінде қорғаушы Глеб Шевченко шабуылшы Моторинге ашық табанмен қатты соққы жасағаны анықталған. Алайда төреші ысқырық бермеді.
Сонымен қатар, «КАМАЗ» ойыншысы Илья Жигулёвтің 50-минуттағы қызыл қағазы да дау туғызды. Головкоға Қылмыстық кодекстің 184-бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.