Өзбекстан клубы Қазақстан чемпионатында бақ сынаудан бас тартты

Ташкенттің «Хумо» хоккей клубы 2025/2026 жылғы Pro Hokei Ligasy маусымына қатыспайтын болды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.
Meta-ratings.kz дерегінше, команда қаржылық мәселелерге тап болған. Соның салдарынан олар Қазақстан кубогына қатысатын командалар тізімінен де тыс қалған. Турнир 22–29 тамыз аралығында Қарағанды мен Өскеменде өтеді.
Көптеген ойыншылар клубтан кетіп үлгерген. Осылайша жаңа маусымда лигада 10 команда бақ сынайды.
Айта кетейік, өткен маусымда «Хумо» плей-оффтың жартылай финалына дейін жетіп, шешуші жеті матчтық серияда «Торпедоға» жол берген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или