«Жеңістің» экс-ойыншысы Чемпиондар лигасында гол соқты

«Жеңістің» экс-ойыншысы Чемпиондар лигасында гол соқты


Бұрын елордалық «Жеңіс» сапында өнер көрсеткен шабуылшы Арб Манай УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында гол авторы атанды. Ол қазір Косовоның «Дрита» клубында доп тебеді.

2025/2026 жылғы маусымдағы іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Манай Люксембургтің «Дифферданж» командасының қақпасына жалғыз әрі жеңіс голын соқты. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

Жауапты матч 15 шілдеде Люксембургте өтеді.

Айта кетейік, 26 жастағы албан шабуылшысы 2024 жылдың қаңтарынан маусымына дейін «Женис» намысын қорғап, 14 ойында екі гол салған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или