Дастан Сатпаев – Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас қазақстандық футболшы

Дастан Сатпаев – Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас қазақстандық футболшы

«Қайраттың» жас ойыншысы Дастан Сатпаев Еуропа футболының тарихына енді. Ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас қазақстандық футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz «Спорт Шредингерге» сілтеме жасап.

Словениялық «Олимпия» қақпасына гол соққан кезде Сатпаевтың жасы 16 жас 10 ай 26 күн болған. Бұл көрсеткіш оған турнир тарихындағы ең жас үш гол авторының қатарына енуге мүмкіндік берді.

Ал абсолютті рекорд швед Никлас Беркротқа тиесілі – ол 2008 жылы «Гётеборг» сапында 16 жас 6 айында «Муратаға» қарсы матчта көзге түскен. Екінші орында поляк Влодзимеж Любаньски тұр.

Алайда УЕФА ресми есебінде тек топтық кезең мен одан кейінгі кезеңде соғылған голдар есепке алынады. Бұл тізімде көшбасшы – испаниялық Ансу Фати, ол «Интерге» қарсы ойында 17 жас 40 күнінде гол соққан. Ал іріктеу кезеңін қосқанда, Сатпаев үшінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или