Дастан Сәтбаев Чемпиондар лигасында гол соқты

Дастан Сәтбаев Чемпиондар лигасында гол соқты

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Олимпия» - «Қайрат» матчында алғашқы гол соғылды, деп хабарлайды Prosports.kz

Лондондық «Челсиге» тиесілі, «Қайратта» жалда жүрген 16 жастағы Дастан Сәтбаев ойынның алпысыншы минутында есеп ашты. 

Осылайша, алматылық команданың түлегі қазақстандық команда сапында еурокубокта гол соққан ең жас футболшы атанды. 

«Қайрат» пен «Олимпия» қарымта кездесуін 15 шілдеде Алматыда өткізеді. 



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или