Мексикалық боксшы жекпе-жектен кейін қайтыс болды

Мексикалық боксшы жекпе-жектен кейін қайтыс болды

Финиксте (АҚШ) мексикалық боксшы Педро Антонио Родригес (15-26-3, 7 КО) мен америкалық Филлип Велла (4-0, 2 КО) арасындағы жекпе-жек қайғылы оқиғаға ұласты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Родригес алты раундтан кейін төрешілер шешімімен Велладан жеңіліп қалды. Жекпе-жектен бірнеше сағат өткен соң Педро Антонио қайтыс болды. Родригес қонақүй бөлмесіне оралып, кейін шықпаған. Келесі күні таңертең Родригес өз бөлмесінде өлі табылған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр және боксшының өлімінің себебін әлі атаған жоқ.

Педро Антонио Родригес кәсіпқой рингте 2007 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Айта кетейік, мексикалық алты жыл бойы жекпе-жек өткізбей, кәсіпқой мансабын биылғы жылдың мамыр айында ғана жалғастыруға шешім қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или