Ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды.
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дениске тең келер ешкім болмады.
Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.
Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасты - 345 (155+190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді - 334 (154+180) келі.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или