Жібек Құламбаева Нидерландыдағы жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 306-орын) Гаагадағы (Нидерланды) ITF турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сында бірінші айналымда Құламбаева голландиялық Лиан Транмен (337-орын) кездесіп, қарсыласты екі сетте сенімді түрде ұтты – 6:1, 6:4. Матч 1 сағат 6 минутқа созылды.
Қазақстандықтың келесі қарсыласы Дженни Лим (Франция, 521-орын) - Марина Бассолс Рибера (Испания, 237-орын) кездесуінің жеңімпазы болмақ.
Гаагадағы турнирдің жүлде қоры 60 000 долларды құрайды. Қазіргі чемпион голландиялық теннисші Арантса Рус (94-орын).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или