«Олимпия» - «Қайрат»: Негізгі құрамдар жарияланды

Словениялық «Олимпия» мен «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчындағы негізгі құрамдарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Олимпия»: Лубей-Финк, Дига, Еленкович, Мухамедбегович, Бланко, Диогу Пинту, Агба, Доффо, Митровски, Тамм, Брест.
«Қайрат»: Заруцкий, Луиш Мата, Сорокин, Мартынович, Қасабулат, Тапалов, Глейзер, Станоев, Сәтпаев, Жоржиньо, Громыко.
«Олимпия» - «Қайрат» кездесуі Люблянада (Словения) өтеді және Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Қарымта ойын 15 шілдеде Алматыда өтеді.
Еске салайық, жаңа еурокубок маусымында Қазақстан намысын «Ақтөбе» (Еуропа лигасының бірінші кезеңі), «Ордабасы» (Конференциялық лиганың бірінші кезеңі) және «Астана» (Конференция лигасының екінші кезеңі) клубтары да қорғайды.