Елордалық клуб қазақстандық футболшыны қатарына қосты

«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Дархан Бердібек «Жеңіске» жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«21 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Дархан Бердібек «Жеңіс» футбол клубына ауысиы.
Дархан 2004 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Ол «Каспий» футбол клубының түлегі.
Кәсіпқой мансабын 2021 жылы «Каспий» жастар командасының құрамында бастады, ал 2022 жылдың 20 тамызында негізгі команда сапында Премьер-лигада дебютін өткізді. 2024 жылдың жазында Ақтөбе жастар құрамасына қосылып, 2025 жылдың басында негізгі құраммен келісімшартқа отырды. Жас жартылай қорғаушымыз екі клуб сапында Премьер-лигада 33 матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Дархан осы жылдың қалған бөлігін біздің клубта жалға өткізеді», - деп хабарлайды астаналық клубтың Instagram парақшасында.
Айта кетейік, ҚПЛ-дағы 15 матчтан кейін «Жеңістің» қоржынында 17 ұпай бар және турнир кестесінде сегізінші орында келеді.