Өзбек спортшысы Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізуден бас тартты

Өзбек спортшысы Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізуден бас тартты

UFC-дегі қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев пен өзбекстандық Рамазан Темиров арасындағы жекпе-жек болмайды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Өзбекстандық файтердің орнына Перу елінен шыққан Хосе Очоа (ММА-де 8-1, UFC-де 1-1) шығады. Оның жасы – 24-те. UFC-дегі дебютінде, 23 қараша күні, Лонер Каваниге төрешілер шешімімен жеңіліп, жеңіліссіз сериясын жоғалтқан. Алайда, 15 маусымда ол Коди Дарденді екінші раундтың 11-секундында нокаутпен жеңді.

Асу Алмабаев 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирінде октагонға шығады. Алмабаев пен Темиров жекпе-жегі UFC-дегі алғашқы Қазақстан – Өзбекстан арасындағы айқас болуы тиіс еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или