Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңін жүлдесіз аяқтады

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңін жүлдесіз аяқтады

Португалияның Коимбра қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасы бұл жарысты жүлдесіз аяқтады. Отандастарымыз ерлер арасындағы синхронды секіруде ең үздік нәтиже көрсетті.

Данил Мусабаев пен Никита Тумаков финалға дейін жетті. Алайда, медальға бір қадам жетпей қалды. Олар төртінші орынға ие болды.

Алтын медальді Португалия жұбы жеңіп алды. Екінші орын Қытай спортшыларына бұйырды. Үшінші орынды Франция өкілдері иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или