Жеңілмеген «Аватар» Өзбекстан астанасында чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Жеңілмеген «Аватар» Өзбекстан астанасында чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандық жауынгер Саят Абдуали (8-0) жеңіл салмақтағы OCTAGON лигасының чемпиондық белбеуі үшін таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 қыркүйекте Ташкентте өтетін OCTAGON 79 кешінде 7 нокаутпен жеңіске жеткен «Аватар» танымал өзбекстандық жауынгер Амирхон Алихуджаевпен (12-5) жекпе-жек өткізеді.


Чемпиондық белбеудің қазіргі иегері өзбек жауынгері Достан Бозоров (12-1) чемпиондық белдікті босату туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 шілдеде Алматыда OCTAGON 76 турнирі өтеді. Алдағы іс-шара аясында Георгий Кичигин, Олжас Есқараев және басқа да жауынгерлер торға шығады.

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі  Chevrolet компаниясы

OCTAGON 76 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON 76 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или