ГЛАВНАЯ
Қазақстан футболы
Blind football-дан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды
Blind football-дан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды

Blind football-дан (зағип жандарға арналған футбол) еліміздің ұлттық құрамасы алғаш рет Екінші дивизиондағы Еуропа чемпионатына қатысып, бірден турнирдің үздік үштігіне енді. Байрақты бәсеке Польшаның Краков қаласында өтті.
Бас бапкер Анатолий Антипиннің жетекшілігімен қазақстандық спортшылар қола медальды иеленіп, Францияда өтетін ЕУРО-2026-ның Жоғарғы дивизионына жолдама алды.
Турнирдің қорытынды үштігі:
1 орын - Испания
2 орын - Румыния
3 орын - Қазақстан
Қазақстан құрамасының ойын нәтижелері:
Румыния 4:1 Қазақстан
Қазақстан 8:0 Косово
Испания 7:0 Қазақстан
Қазақстан 2:0 Польша
Дереккөз: ҚФФ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или