Деку мансабында бірге ойнаған үздік ойыншылар туралы айтты
Барселонаның спорт директоры Деку мансабында бірге ойнаған үздік ойыншылар туралы пікірін айтты. Ол сұхбатында Роналдиньоны ең көрнекті әріптесі деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.
«Егер маған Роналдиньо, Месси және Криштиану арасында таңдау керек болса, мен Роналдиньоны таңдар едім. Мен бірге ойнаған футболшылардың ішінде ол ең үздігі. Оның техникасы керемет болды. Ол ешкім жасай алмайтын нәрселерді жасады», –деді Деку.
Бұл ретте бұрынғы жартылай қорғаушы Лионель Мессиді ең мінсіз футболшы деп санайтынын атап өтті.
Криштиану Роналду туралы айта отырып, Деку оның үнемі дамуға деген ұмтылысын атап өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или