Кирилл Герасименко United States Smash турниріндегі өнерін аяқтады

Кирилл Герасименко United States Smash турниріндегі өнерін аяқтады

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Лас-Вегаста өтіп жатқан ауқымды United States Smash турнирінде өнер көрсетуін аяқтады.

Ол іріктеу кезеңінде ойнап, жарыстың финалдық бөлігіне өте алмады.

Қазақстандық спортшы алдымен бельгиялық Мартин Аллегруді 3:1 есебімен жеңді, кейін Гонконг теннисшісі Хо Кван Киді 3:2 есебімен ұтты.

Алайда үшінші кездесуде үш дүркін Еуропа чемпионы, аустриялық Дэниел Хабесонға 1:3 есебімен жол берді.


Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или