18 жастағы теннисші алғаш рет Уимблдонның ширек финалына шықты

18 жастағы ресейлік теннисші Мирра Андреева карьерасында алғаш рет Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финал матчында Андреева WTA рейтингінде 10-орында тұрған америкалық Эмма Наварроны жеңді.
Кездесу 6:2, 6:3 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына аяқталды. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Мирра Андреева әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. Уимблдонның жартылай финалына шығу үшін ол швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или