Төрехан Сабырхан Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына баратын болды

Төрехан Сабырхан Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына баратын болды

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан баратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«70 келіге дейінгі салмақта Торехан Сабырхан барады. Бұл турнирге арналған тізімде де ол бар еді. Бірінші нөмір — Абылайхан, ал екінші — Төрехан болған. Алла қаласа, енді Ливерпульге Төрехан барады.

60 және 65 келіге дейінгі салмақтарда, бұған дейін айтқанымдай, спаррингтер болады. Кім мықты болса, сол Қазақстан құрамасының сапында Ливерпульге барады», — деді Сәтжанов.

Айта кетейік, Торехан Астанада өткен бокстан Әлем кубогына қатысқан жоқ. 70 келіде Абылайхан Жүсіпов сынға түсті. Алайда ол турнирдің алғашқы кезеңінде ол Қырғызстан боксшысы Алмаз Оразбековке есе жіберді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или