Ауыр атлетикадан АЧ: Қазақстан тағы бір медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан АЧ: Қазақстан тағы бір медаль жеңіп алды

Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды.

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста Нұрсила Берікбол үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 177 (79+98) келі салмақты бағындырды.

Ал алтын медальді Оңтүстік Корея спортшысы Даен Ли жеңіп алды — 196 (88+108) келі. Екінші орынға Өзбекстан өкілі Сарвиноз Купайсинова орналасты — 187 (87+100) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Ксения Прозорова мен Әлихан Әскербай өз жас санаттарында чемпион атанған еді. Сонымен қатар Ксения U20 турнирінде күміс, ал Әлихан осы санатта қола медаль еншілеген болатын.

17 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста Ернұр Мырзахмет те үшінші орынға көтерілді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или