«Олимпия» бас бапкері Дастан Сәтпаев жайлы пікірін білдірді

Словенияның «Олимпия» клубының бас бапкері Жорже Симау «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаевты ерекше атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сонымен қатар, Любляна командасының бас бапкері алматылық ұжымның маусым ортасына келгеніне қатысты пікір білдірді. Қазақстан чемпионатының 16 турынан кейін «Қайрат» көш басындағы «Астанадан» бір ұпайға ғана қалып тұр.
«Бұл олардың артықшылығы ма, жоқ па – мен оны айтқым келмейді, бірақ дәл осы – біздің айырмашылығымыз. Екінші жағынан, біз олардың көптеген матчын талдай аламыз, ал олар бізді талдай алмайды. Бірақ бұл – журналистерге арналған әңгіме. Оларда шабуыл шебінде өте жылдам қимылдайтын 16 жастағы жігіт бар, ол «Челсимен» келісімшартқа қол қойған. Олар бізден өзгеше футбол ойнайды – көбіне ұзын пас пен әуедегі тартысқа сүйенеді. Бізді қиын қарсылас күтіп тұр», – деді Симау 24ur.com сайтына берген сұхбатында.
«Олимпия» – 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі алматылық команданың қарсыласы. Алғашқы матч 8 шілде күні Словенияның Любляна қаласында өтеді, ал қарымта кездесу 15 шілдеде Алматыда болады.