«Ақтөбе» құрамындағы барлық бразилиялық футболшы командадан кетті

«Ақтөбе» футзал клубының барлық бразилиялық ойыншысы командадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Futsalkazakhstan парақшасына сілтеме жасап.
«Ақтөбе» құрамындағы барлық бразилиялықпен қош айтысты. Айта кету керек, маусым алдындағы трансферлік жұмыстарды жүргізген, қазіргі таңда экс-бапкер атанған Виктор Тарчилоның таңдауы ең жоғары бағаға – 5+ – лайық.
Төрт бразилиялық та өте сәтті маусым өткізді: Биэл (40 гол және 28 ассист) – чемпионаттың үздік үш сұрмергенінің бірі және гол+пас жүйесі бойынша екінші орында, Филипиньо (23+23), Бока (16+11), ал қорғаушы Чураско (17+18) көптеген сарапшының пікірінше, өз позициясындағы лиганың үздік ойыншыларының бірі болды», – делінген Instagram-дағы хабарламада.
Айта кетейік, биылғы маусымда «Ақтөбе» плей-офф кезеңінде «Атырауға» есе жіберіп, чемпионатты төртінші орынмен аяқтаған болатын.