2028 жылдан бастап бокстан әлем чемпионына 1 миллион доллар берілмек

2028 жылдан бастап бокстан әлем чемпионына 1 миллион доллар берілмек

Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) президенті Умар Кремлёв 2028 жылдан бастап бокстан әлем чемпионына 1 миллион доллар көлемінде сыйақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, 2028 жылы бокстан әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 25 миллион долларға дейін өседі.

«Әуесқой бокста әлем чемпионатына арналған жүлде қоры қазіргі таңда 5 миллион доллардан асады. 2028 жылы бұл көрсеткіш 25 миллион долларға дейін жетеді. Сонда чемпион 1 миллион доллар алады», – деді Умар Кремлёв.

Сонымен қатар, 4–5-орын алған спортшылар да қаржылай марапатталады. Бұдан бөлек, әлем чемпионаты енді үш жылда емес, екі жыл сайын өтетін болады.

Бұл өзгерістер әуесқой боксты дамытуға және спортшыларды ынталандыруға бағытталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или