Қазақстандық шабандоз халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық шабандоз халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

3-6 шілде аралығында Беларусь Республикасының Ратомка қаласында конкурдан «Достастық кубогы» атты халықаралық турнир өтті, деп  хабарлайды Prosports.kz Қазақстан Республикасының Ат спорты Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Беларусь, Ресей, Өзбекстан елдерінен, сондай-ақ Қазақстан құрамасынан спортшылар қатысты.

Турнирдің финалдық күнінде биіктігі 145 см болатын кедергілерді еңсеру бойынша командалық жарыстар өтті. Бұл кезеңде спортшылар Үлкен шеңбердің жүлделері үшін бақ сынады.

Қазақстандық шабандоз Раиса Соколенко Уран есімді тұлпарымен бірінші гитті айып ұпайынсыз аяқтап, сенімді нәтиже көрсетті.

Ал екінші гитте Қазақстан мен Өзбекстан шабандоздары бірлесіп, «Содружество» командасының құрамында өнер көрсетіп, Өзбекстан құрамасының өкілі Бекзод Курбановпен бірге жоғары шеберлік танытып, командалық есепте жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или