Ресми: Иван Ракитич мансабын аяқтады

Хорватия ұлттық құрамасының аңыз ойыншысы Иван Ракитич мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы 37 жастағы жартылай қорғаушы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Иван Ракитич «Базель», «Шальке», «Севилья», «Барселона», «Әл-Шабаб», «Хайдук» және Хорватия құрамасында ойнаған еді.
Мансабында барлығы 971 матчқа қатысып, 131 гол соғып, 157 голдық пас берген. Сонымен қатар кәсіби мансабында 16 трофей жеңіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или