Назым Қызайбай алдағы әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алдағы әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сонымен қатар спортшы қыз Астанада өткен әлем кубогы кезеңін қорытындылады.
«Мен Әлем кубогының жеңімпазы атандым! Президент алдында өнер көрсетіп, алтын жүлде иеленгеніме өте қуаныштымын. Бұл жарысты мен мінезіме, тәжірибеме және өз-өзіме деген сеніміме сүйеніп өткіздім. Ең басты сындар алда – мен әлем чемпионатында бабымның шегінде боламын және бар мүмкіндігімді көрсетемін. Бокс әлемде қарқынды дамып келеді. Қиын бәсекелестікке қарамастан, біздің құрама әйелдер мен ерлер арасында жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. Барлық қарсыластарыма мықты жекпе-жектер үшін, жанкүйерлерге қолдау мен сенімдері үшін үлкен алғыс айтамын. Әсіресе, менің ең үздік бапкеріме және ұлттық құраманың бүкіл командасына – біз біргеміз, біз – күшпіз!», – деп жазды Назым әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Назым Қызайбай Астанада өткен әлемдік додада алтыннан алқа тағынған болатын.