Қазақстандық хоккейші канадалық клубта тағы бір маусымға қалады

Қазақстандық хоккейші канадалық клубта тағы бір маусымға қалады

Қазақстандық шабуылшы Глеб Решетько 2025/26 жылғы маусымда Канаданың «Лэнгли Ривермен» клубында өнер көрсетуді жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы хоккейші өткен маусымда BCHL чемпионатында осы команда үшін жеті матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.

Сондай-ақ, Глеб Решетько жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында бес ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен ерекшеленді.

Айта кетейік, «Лэнгли Ривермен» – Британдық Колумбияның хоккей лигасында ойнайтын канадалық жастар командасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или