Килиан Мбаппе рекорд жаңартты

Килиан Мбаппе рекорд жаңартты

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалындағы «Боруссияға» қарсы ойында (3:2) керемет гол соққан мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе команданың ойыншылары бұрын-соңды жаңартпаған клубтық рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Stats Foot әлеуметтік желіде (бұрынғы Twitter) хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, Мбаппе бір маусымда «Реал» сапында жеті түрлі турнирде гол соққан, бұған дейін аталмыш нәтижеге ешкім қол жеткізе алмаған. Осылайша, Мбаппе барлық турнирлерде 58 матчта 44 гол соқты. Ла Лигада 31 гол, Чемпиондар лигасында жеті, Испания кубогында екі, сонымен қатар төрт турнирде бір гол соқты: Испания суперкубогы, УЕФА суперкубогы, клубтар арасындағы әлем чемпионаты және құрлықаралық кубок.

Еске салайық, Килиан сырқатына байланысты 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңіне қатыса алмаған еді. Турнирдің жартылай финалында «Реал» француздың бұрынғы клубы ПСЖ-мен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или