UFC 319 турнирінің постері жарияланды. Хамзат Чимаев - Дрикус дю Плесси

UFC 319 турнирінің постері жарияланды. Хамзат Чимаев - Дрикус дю Плесси

Ultimate Fighting Championship (UFC) 17 тамызда Чикагода (Иллинойс, АҚШ) өтетін UFC 319 турнирінің ресми постерін шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты оқиғасы жеңіліп көрмеген шешен Хамзат Чимаев пен оңтүстік африкалық Дрикус ду Плессис арасындағы орта салмақтағы титулдық жекпе-жек болмақ.

Чимаев ұзақ үзілістен кейін октогонға оралады. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылы 26 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 308 турнирінде өткізіп, орта салмақтағы бұрынғы чемпион австралиялық Роберт Уиттакерді жеңді.

Қазіргі уақытта 30 жастағы файтер аралас жекпе-жектен 14 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или