Әлем кубогы: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды

Әлем кубогы: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов елордада өтіп жатқан Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті.

Финалда Сабыржан Аққалықов болгариялық Рами Киванмен шеберлік байқасты. 

Қазақстандық боксшы жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Сабыржан Аққалықов чемпион атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтын медаль түсті. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін) және Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) чемпион атанған болатын.


Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или