Роналду «Аль-Наср» басшыларын «Реал» вингерін сатып алуға шақырды

«Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду клуб басшыларын «Реал» мен Бразилия құрамасының вингері Родригоны сатып алуға үгіттеп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
40 жастағы форвард «Аль-Насрдың» «Арсенал» ойыншысы Габриел Мартинеллиді емес, Родригоны алғанын дұрыс деп санайды.
«Реал» тізгінін Хаби Алонсо ұстаған соң Родриго алаңға көп шықпайтын болды, бұл клубтар арасындағы әлем чемпионатында байқалып отыр. Сондықтан ол жазғы трансфер кезеңінде командадан кетеді деген ақпарат бар.
Айта кетейік, 2024/25 жылғы маусымда Родриго мадридтік клуб сапында 51 матчта 14 гол соғып, 10 нәтижелі пас шығарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или