Азамат «Дракон» Нуфтиллаев Даниял «Т-34» Эльбаевты жылдам жеңді

Ташкентте OCTAGON 75 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Турнирдің басты жекпе-жегінде ресейлік Даниял «Т-34» Эльбаев пен өзбекстандық Азамат «Айдаһар» Нуфтиллаев ұйымның ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуін сарапқа салды.
Кездесу алғашқы раундтың бірінші минутында аяқталды. Нуфтиллаев «Т-34»-ті қылқындыру әдісімен жеңді. Осылайша, өзбек «Айдаһары» өз жанкүйерлері алдында тамаша жеңіске жетіп, ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуге ие болды.
26 шілдеде Алматыда OCTAGON 76 турнирі өтеді. Ол кеште жартылай орта салмақтағы ұйым чемпионы Георгий Кичигин, Олжас Есқараев және басқа да файтерлер өнер көрсетеді.
OCTAGON 75 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 75 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 75 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы