«Қайрат» еурокубок маусымын бастайды

Алматылық «Қайрат» чартерлік рейспен Словения астанасы Любляна қаласына ұшты, деп хабарлайды Prosports.kz.
8 шілдеде алматылықтар УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы маусымдағы бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын «Олимпияға» қарсы өткізеді.
Матч «Стожице» стадионында өтеді және Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Қарымта кездесу 15 шілдеде Алматыда өтеді.
Екі кездесуден тұратын «Олимпия» – «Қайрат» кездесуінің жеңімпазы Чемпиондар лигасының келесі кезеңінде КуПС (Финляндия) – Милсами (Молдова) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Жеңілген тарап еурокубок маусымын Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде жалғастырады, онда олар FCSB (Румыния) - Интер д'Эскальдес (Андорра) жұбында жеңілген командамен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или