Рыбакина Уимблдон турнирінен шығып қалды. Жарыста қанша сыйақы алды

Рыбакина Уимблдон турнирінен шығып қалды. Жарыста қанша сыйақы алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемдік №11) 2025 жылғы Уимблдон турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы үшінші айналымда Елена даниялық Клара Таусонға (әлемдік №22) 6:7, 3:6 есебімен есе жіберді.

Уимблдонның үшінші кезеңіне өткені үшін Рыбакина 177 840 еуро (108 миллион теңге) ақшалай сыйлық алды.

Ағымдағы турнирдің жалпы жүлде қоры 22 714 380 еуроны (13 миллиард теңгеден астам) құрайды. Жекелей сында жеңімпаз атанған спортшы 3 510 000 еуро (2 млрд теңге) алады. Өткен жылы Барбора Крейчикова Уимблдон чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или