«Интер Майами» MLS матчында ірі есеппен жеңіске жетті

«Клёб де Фут Монреаль» мен «Интер Майами» арасындағы MLS кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Монреальдағы Сапуто стадионында өтіп, қонақтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Жеңімпаздар сапында Тадео Альенде, Лионель Месси (дубль) және Теласко Сеговия гол соқты. Айта кетейік, Месси нәтижелі пас еншісіне жазды.
1/8 финалда ПСЖ-дан 0:4 есебімен жеңіліп қалған «Интер Майами» клубтар арасындағы әлем чемпионатынан шығып қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или