Боксшы Сабыржан Аққалықов Әлем кубогы кезеңінің финалында өнер көрсетеді

Боксшы Сабыржан Аққалықов Әлем кубогы кезеңінің финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов елордада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалында жеңіске жетті.

Сабыржан Аққалықов 75 келіге дейінгі салмақтың финалына шығу үшін Үндістан өкілі Никхил Дубейге қарсы айқасты.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Алайда, Сабыржан Аққалықов үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті суырып алды.

Осылайша, отандасымыз Әлем кубогының алтын медалі үшін күреседі.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или