«Тобыл» Семейден үш ұпай алып қайтты

«Тобыл» Семейден үш ұпай алып қайтты


Премьер-лиганың 15-турында қостанайлық «Тобол» сырт алаңда «Елімаймен» кездесті. Тартысты өткен матчта қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қостанай командасы сапынан Марко Вукчевич (13-минут), Ахмед Эль-Мессауди (45) және Ислам Чесноков (70) гол соқты. Ал семейліктерден Роман Муртазаев (59) пен Иван Свиридов (63) жауап қайырды.

Осы жеңістің арқасында «Тобол» 31 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. «Елімай» 24 ұпаймен бесінші орында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или