«Ақтөбе» қорғаушысы «Крылья Советов» сапына ауысуы мүмкін

«Ақтөбе» қорғаушысы «Крылья Советов» сапына ауысуы мүмкін

«Ақтөбе» клубының камерундық қорғаушысы Габи Кики «Крылья Советов» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілішіс Sport+ сайтына сілтеме жасап.

«Инсайды от Карпа» telegram-арнасының мәлімдеуінше, «Крылья Советов» «Спартактың» қорғаушысы Чернов пен Қазақстанда ойнап жүрген камерундық ойыншының арасында таңдау жасауда: клубтың орталық қорғаушы позициясына қалған екі үміткер бар.

Самаралықтар 30 жастағы Божиннен бөлек тағы бір орталық қорғаушымен келісуге жақын — ол 20 жастағы Лепский. Қазір «Динамомен» трансфердің соңғы мәліметтері (мысалы, кері сатып алу мүмкіндігі) талқылануда. Ал екінші үміткер бойынша клуб қиын таңдау алдында тұр.

Бұған дейін «Крылья Советов» «Ақтөбенің» 30 жастағы қорғаушысы Габи Кикиге назар аударған болатын (оған клубтың бас бапкері Адиев қызығушылық танытқан). Габидің келісімшарты жылдың соңына дейін жарамды, алайда ойыншы клубтан алты ай бұрын тегін кетуге келісім алған.

Алайда қазіргі уақытта «Спартактан» жазда кетуі мүмкін 29 жастағы Черновты алу мүмкіндігі туындады. Клуб құрамын жасақтауда ресейлік футболшыларға басымдық беріп отыр, сондықтан бұл мәселеде уақытша үзіліс алды», — делінген инсайдер телеграм-арнасында.

Айта кетейік, 30 жастағы Габи Кики 2024 жылдың басында «Ақтөбе» сапына қосылған. Қазіргі маусымда ол КПЛ-дегі тоғыз матчқа қатысып, бір гол соқты. Қазіргі таңда «Ақтөбе» турнир кестесінде үшінші орында тұр.

Еске сала кетейік, «Крылья Советов» клубының бас бапкері — Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или