Ангола құрамасының футболшысы Самородовтың клубтасы атанды

Ангола құрамасының футболшысы Самородовтың клубтасы атанды

«Ахмат» сапын 22 жастағы жартылай қорғаушы Мануэль Келиано толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грозныйлық клуб Ангола құрамасы мен португалиялық «Эштрела» клубының жартылай қорғаушысымен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.

Жаңа ойыншы Ангола ұлттық құрамасы сапында 16 матч өткізіп, 2 гол соққан.

Келиано командаға Новогорскідегі екінші жазғы оқу-жаттығу жиынында қосылды.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Максим Самородов өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или