2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында қазақстандық боксшы Жапония өкілі Хикану Шинохарамен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай финалға тікелей жолдама алған болатын.