Нұрбек Оралбай бокстан әлем кубогының финалына тікелей жолдама алды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында түркиялық Мерт Айбугамен кездесетін еді.
Алайда, Түркия өкілі Мерт Айбуга жекпе-жектен бас тартуына байланысты жерлесіміз бірден финалға шықты.
Осылайша, Нұрбек Оралбай финалда франциялық боксшымен алтын медальді сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или