«Бешикташтың» италиялық шабуылшысы клубтан кетті

Италиялық шабуылшы Чиро Иммобиле Түркияның «Бешикташ» командасынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркиялық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 35 жастағы шабуылшымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған. Иммобилеге 2,6 миллион еуро өтемақы төленеді.
Түркия чемпионатының кейінгі маусымында Иммобиле 30 матч өткізіп, 15 гол соққан.
Transfermarkt Иммобилені 2,2 миллион еуроға бағалайды.
Айта кетейік, «Бешикташта» қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или