«Тобылдың» бұрынғы ойыншысы украиналық клубтың жаттықтырушысы болды

«Тобылдың» бұрынғы украиналық ойыншысы Евгений Шахов харьковтік «Металлист 1925» командасының бапкерлер штабына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бас бапкер Младен Бартуловичтің көмекшісі болып жұмыс істейтін болады.
Евгений Шахов 1990 жылы 30 қарашада дүниеге келген. Ойыншы мансабында украиналық «Днепр», «Арсенал» және «Зоря» клубтарында, грекиялық ПАОК пен АЭК, италиялық «Лечче» және қазақстандық «Тобыл» клубтарында ойнаған.
Оның УЕФА-ның В санатындағы жарамды дипломы бар, ал қыркүйекте ол А санатындағы лицензияны алу үшін жаттығуды бастайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или