«Әл-Наср» «Арсенал» ойыншысын сатып алмақ

«Әл-Наср» «Арсенал» ойыншысын сатып алмақ

Лондондық «Арсеналдың» вингері Габриэл Мартинеллиге «Әл-Наср» клубы қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі talkSPORT басылымына сілтеме жасап.

Таяу Шығыс командасы бұл трансферге 73 миллион фунт стерлинг жұмсауға дайын. Мұндай сома «канонирлер» тарихындағы рекордтық сатылым болуы мүмкін. Айта кетейік, Сауд Арабиясы лигасы трансферлік терезені 3 шілдеде — әдеттегі мерзімнен 17 күн бұрын ашты. Мартинелли нұсқасы «Ливерпульден» Луис Диасты алудың орнына қарастырылып отыр. Алайда Диасқа қатысты келіссөздер сәтсіз жүруде. Сонымен бірге, «Арсенал» бразилиялық футболшымен қоштасуды жоспарламайтыны атап өтілді.

Өткен маусымда Мартинелли барлық турнирде «Арсенал» сапында 51 матч өткізіп, 10 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін күшінде. Transfermarkt интернет-порталы ойыншының нарықтық құнын 55 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или