«Құлагер» сапына төрт ресейлік қорғаушы қосылды

«Құлагер» қорғаушылар Станислав Тунхузин, Артём Гончаров, Евгений Бурлака және Сергей Мартыновпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен маусымда Станислав Тунхузин Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде «Алматы» құрамында 29 матч өткізіп, 22 (4+18) ұпай жинады. Плей-офф кезеңіндегі жеті ойында ресейлік қорғаушы нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.
Артём Гончаров өткен маусымда «Құлагер» сапында Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде 33 ойынға қатысып, 7 (2+5) ұпай жинады.
Евгений Бурлака «Алматы» клубының құрамында тұрақты кезеңде 37 матч өткізіп, 6 (2+4) ұпай еншіледі. Плей-оффтағы жеті кездесуде ол нәтижелі әрекеттермен ерекшеленген жоқ.
Сергей Мартынов Беларусь чемпионатындағы «Лида» клубында 51 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.