Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Әлем кубогының ширек финалында жеңіске жетті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Ертуған Зейнуллинов елордадағы Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
Ертуған жартылай финалға шығу үшін франциялық Уго Граумен өзара мықтыны анықтады.
Франция өкілі бірінші раундта басымдық танытты. Алайда, Ертуған Зейнуллинов жекпе-жектің екінші және үшінші бөлімінде керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңіске жетті.
Осылайша, жерлесіміз Әлем кубогының қола медалін қоржынға салды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или